49-шы театр маусымы ашық!
26 қыркүйекте Ақмола облыстық орыс драма театрында 49–шы театр маусымының ашылу салтанаты өтті, ол әдеттегідей көрермендердің ерекше назарын өзіне аударды. Бұл күн жаңа шығармашылық жылдың бастамасы ғана емес, жарқын премьералар мен театрмен жаңа кездесулерді күтуде әртістер мен көрермендерді біріктірген нағыз өнер мерекесі болды.
Алғашқы минуттардан бастап қонақтар ерекше кештің атмосферасын сезінді. Театрдың екінші қабатындағы холл театр арбатына — шығармашылық, музыка және қарым — қатынас кеңістігіне айналды. Мұнда әуендер шырқалды, көрермендерді тәттілер, шат — шадыман күлкі және тосынсыйлар күтіп тұрды. Жаңа маусымның спектакльдеріне билеттер мен театр кофеханасының сыйлықтары ерекше қызығушылық тудырды, олар арқылы қонақтардың қуанышы мен жақсы көңіл-күйі еселене түсті. Арбаттың атмосферасы театрда жалғасты және демалыс күндері көрермендерді қуантты.
Кештің басты оқиғасы А.Н. Островскийдің "Волки и Овцы" қойылымы болды. Тапқыр, интригалар мен сатираларға толы комедия көрермендерге классикаға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді және классика таңқаларлық заманауи және өзекті болып қала беретінін еске салды. Әртістердің орындауында таныс кейіпкерлер сахнада жанданды, бұл көрерменге күлкі сыйлай отырып, кейін адам табиғаты туралы ойландырады.
49-шы театр маусымының ашылуы театрдың дәстүрлер өмір сүретін және жаңа көркемдік мағыналар туатын, ұрпақтар кездесетін және көрерменмен жанды диалог сақталатын орын болып қала беретіндігінің тағы бір дәлелі болды. Алда осы маусымды ерекше ететін премьералар, ашылулар мен кездесулер бар.
48