Қазақша
Русский

Театр тарихы

istoriya_teatr

Атауы: Ақмола облысы мәдениет Басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық орыс драма театры» МКҚК

Заңды мекенжай: 020000, Көкшетау қ., Ақан Серi көшесi, 90

1977 жылдың 8 ақпанында Қазақстан Компартиясының Көкшетау облыстық комитетi бюро отырысында «Облыстық драма театрының ашылуы туралы» қаулы қабылдайды.

istoriya_kuklinskiy

Куклинский Я.А.

«Ақмола облыстық орыс драма театры» МКҚК 1977 жылы құрылды. 1977 жылдың 28 қазанында алғашқы театр маусымы жарияланды. Көрермендер пiкiрiне театрдың басты режиссерi, ҚР еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Куклинский Яков Аронұлының қойылымында Л.Славинның «Интервенция» спектаклi ұсынылды. Я.А. Куклинский — Карпенко — Карого атындағы Киев ГИТИС –нiң түлегi, мүдделестер тобымен бiрге Қостанайдан Көкшетауға келiп, орыс драма театрын құрды. Я.А. Куклинский 20 жыл бойы (1977-1997 ж.) театрдың ауысымсыз көркемдiк жетекшiсi болып қызмет еттi.

Театр өнерiнiң өркендеуiне үлес қосқан еңбегi үшiн Я.А. Куклинскиге 08.06.1987 жылдан Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумның Қаулысымен «Қазақ КСР еңбек сiңiреген өнер қайраткерi» құрметтi атағына иелендi.

1981 — 2000 ж. — А.П. Мирошниченко — театр директоры.

istoriya_tarasov

Тарасов В.В.

2001 ж-дың қараша айынан — 2014 ж. қантарына дейiн — директор және театрдың көркемдiк жетекшiсi, 1984 ж. Мәскеуде Ресей театр академиясын (экономист, театр бiлгiрi, театр театр iсiнiң жетекшiсi) бiтiрген, ҚР еңбек сiңiреген қайраткерi. Оның жетекшiлiгiмен театр айтарлықтай табыстарға жеттi, репертуарда орыс, қазақ және шетел драматургиясының iрi аңызды түрлерi пайда болды. Театр үнсiздiктен жаңа ғасыр талабына жауап беретiн, табыскер, Республикамыздың және оның шекарасынан тыс жерлерiнде толықтай қатынаса алатын деңгейге шықты.

istoriya_lutsiva

Луцива О.Б.

О.Б. Луцива — театрдың басты режиссеры, «Мәдениет саласы үздiгi». Оның қойылымдарын көпшiлiк сүйедi. Олар көрермендерге қызықты да, олармен талқыланады, ол сан-алуан жанрларды қызық көретiн, эспериментке әрқашан дайын болатын режиссер болып табылады.

2014 жылдан бастап — «Мәдениет саласының үздiгi» директоры — Б.С. Бахтыгереев.

istoriya_bakhtygereev

Бахтыгереев Б.С.

1996 жылы ұйымдастыру-менеджмент театр-көрiнiс кәсiпорындары бойынша Жүргенев атындағы қазақ қазақ мемлекеттiк театр және кино институтын бiтiрдi. Жас, жасампаз ұйымдастырушы. Оның арқасында «Гвоздь сезона» театрлы акциясы сияқты жаңа жобалар пайда болды, «Kinder-театр» атты бала эксперименттiк орталығы ашылды.

Уақытпен бiрге жүре келе, жақсылық, сұлулық, руханият мұраттарына қиянат етпей, жаңадан ұғындырып, бүгiнгi уақыттың позициясынан, классика туындыларына жүгiнiп, бiз Ақмола облысының жастары мен өскелең ұрпақты адамгершiлiк-этикалық, эстетикалық мұратқа, азаматтық-патриоттық тәрбиеге қатыстыруға тырысамыз.

Бiздiң актерлерiмiздiң есiмдерiн: (еңбегi сiңген мәдениет қайраткерi — Виктор Крылов, Надежда Слепцова, Василий Гречанников, Людмила Недзельская, актерлер — Владимир Овчинников, Олеся Крылова, Андрей Красноштанов) бiздiң облысымыздың театралдары ғана емес, сонымен қатар республикамыздың театралдары бiледi, олар — Астана, Қарағанды, Петропавл, Степногорск, Темiртау және т.б.

15.09.2020 15:19
27.02.2024 11:07
4851