Қазақша
Русский

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ СЕРГЕЙ МИНАКОВ «САХНАГЕР» ҰЛТТЫҚ ТЕАТР ЖҮЛДЕСІНІНІҢ «ҮМІТ» АТАЛЫМЫНДА ДИПЛОМ ИЕЛЕНІП ТОП ЖАРДЫ

2018 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгiнiң қолдауымен «Сахнагер-2018» Ұлттық театр жүлдесiнiң марапаттау рәсiмi өттi. Аталмыш жүлде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қо¬ры¬ның қолдауымен және Қазақстан театрлары ассоциациясымен ұйымдастыруымен патриотизмдi және ұлттық өнерге деген сүйiспеншiлiктi нығайту, театр дәстүрлерiн сақтау және дамыту, дарынды жастарға қолдау көрсету сияқты мақсат-мiндеттердi көздейдi. Ақмола облыстық орыс драма театрының жас актерi Сергей Минаков «Үмiт» аталымын У.Шекспирдiң қаламынан тамған «Гамлет» трагедиясындағы Розенкранц рөлiн сомдаған үшiн иелендi. Актердiң сомдаған сарай жағымпазының бейнесi сәттi түрде көрсетiлдi. Шын жүрегiмiзден Сергей Минаковты лайықты жеңiсiмен құттықтап, бағындырған белестермен тоқталып қана қоймай, талай шыңдарды бағындыруға тiлектеспiз.

03.04.2018
1090