СҰРАПЫЛ СОҒЫС, БӘЛКІМ, БОЛМАДЫ ДА?
Қаһарлы да қайсар ерлiктiң нышаны болып табылатын 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының тарих тамыры тереңге үңiлiп жатыр. Алайда, сол сұрапыл соғыстың кезеңi қаншалықты алыстаса, соғұрлым соғыс жарасы жазылып, халқымыздың бiр жұдырықтай жасаған ерлiгi ерең болып жадымызда сақталмақ.
Фашистiк басқыншылыққа төтеп беру үшiн елiмiз, ойланбастан қанды майданға аттанды. Отанына қорған бола алатын әрбiр азамат, қолына қару алып жауға шапты. Кешегi бозбала- бойжеткендер әскери бөлiмшенiң табалдырығын тоздырып, отанын қорғау үшiн майданға асықты. Мәңгiлiкке бақи болуға асықты…
Жеңiс Күнiнде, соғыстың лебi соқпаған отбасыны табу мүмкiн емес. Өмiрiн сарп қылған жандардың есiмiн жадымызда сақтау — парызымыз. Жеңiстiң дәмiн татпай кеткендердi, соғыста қанын төгiп, жаудың көзiн құрту үшiн шайқасып жатқан батырларға дем берiп, соғыстың соңын тездету үшiн күшiн аямаған тылдағы батырлардың еңбегiн ұмытпау — парызымыз.
Адамзат, өз өмiрiнiң құнымен фашистiк басқыншыларынан әлемдi азат еткен, көптен күткен бейбiтшiлiк туын желбiреткен жанданрды ұмытпауы хақ.
Ақмола облыстық орыс драма театры 3,4,8 мамыр күндерi өз төрiне А.Бронникованың қоюымен «А может не было войны?» (соғыс жылдарының шежiресi) әдеби — музыкалық композиясын тамашалауға шақырады.
1230