Қазақша
Русский

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІК!

2019 жылы 30 желтоқсанда Ақмола облыстық орыс драма театрында «Русская община» ҚБ-мен бiрлесiп, Қазақстан Республикасындағы Россобiрлестiгi өкiлдiгiнiң қолдауымен қайырымдылық жаңа жылдық ертеңгiлiк өттi. Аз қамтылған және қолайсыз отбасыларынан шыққан 100-ден астам бала А. Толстойдың «Приключения Буратино» атты музыкалық ертегiсiн қызығушылықпен тамашалады. «Новогодние забавы с символами года» атты мерекелiк бағдарлама шыршаның айналасында түрлi ойын-сауық ойындар мен хороводтар балаларға жаңа жыл қарсаңында жақсы көңiл-күй, жаңа жылдық сиқырлықты сезiну, балалық шақтың бақытты әлемiне, мейiрiмдiлiк, достық, көпшiлiкке көңiлдi сезiмдер сыйлады.

31.12.2019
1431