ЖЫЛДЫҢ 27 ҚАЗАНЫНДА ФЕСТИВАЛЬ ӨЗ ШЕРУІН БАЙҚАУДАН ТЫС КӨРСЕТІЛГЕН А.ОСТРОВСКИЙДІҢ «БЕСПРИДАННИЦА» КАРАОКЕ – МЕЛОДРАМАСЫНЫҢ ҚОЙЫЛУЫМЕН ЖАЛҒАСТЫ
2017 жылдың 27 қазанында фестиваль өз шеруiн байқаудан тыс көрсетiлген А.Островскийдiң «Бесприданница» караоке — мелодрамасының қойылуымен жалғасты. Ақмола облыстық орыс драма театрының труппасы өз қойылымында алданған махаббат пен жалған үмiттердiң мәңгiлiк оқиғасын баяндайды. Лариса Огудалова кейiпкерiнiң кiршiксiз махаббаты арсыздықтың аяғының астында тапталып шоқтай сөнедi. Өмiр қатыгез, егер оның басты мәнi ақша болса.
Қоюшы режиссер — Сергей Потапов, «Золотая маска» театр сыйлығының лауреаты, Якутияның еңбек сiңiрген әртiсi.
Қоюшы суретшi — Садыр Ниязакунов, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.
Музыкалық безендiру — Владимир Овчинников
Балетмейстер — О.Красноштанова
Қостанай облыстық орыс драма театрының қойылымымен У.Шекспирдiң ең бiр көңiлдi деген комедияларының бiрi «Двенадцатая ночь, или что угодно» бiрде — бiр көрермен қауымды бей-жай қалдырмады. Бұл керемет ел Иллириядағы ғажайып махаббат ертегiсi. Ондағы махаббатты iздеген әрбiр жан, iздегенiн ойламаған жерден болса да, мiндеттi түрде табатын ел. Бұл комедия қалжыңға, өмiрдi растайтын оптимизмге толы; әсем, талғампаз; афоризмнен, ой мен сөздiң ойынынан құрастырылған. Сонау заманда кейiпкерлердiң бастан кешiрген оқиғалары шындыққа айналуы мүмкiн емесiне кiм кепiл.
Бұл қойылымның сахналануымен спектакльдердiң байқаулық көрсетiлiмдерi өз мәресiне жеттi, ал байқаудың нәтижелерi 2017 жылдың 28 — шi қазанында анықталады. Басталуы сағат 19:00-де «Көкшетау» мәдениет үйiнiң сахнасында.
1259