ГАСТРОЛЬДЕР!
Ауданаралық мәдениет байланыстарын нығайту үшiн Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына орай өткiзiлген Ақмола облысының мәдениет күндерi шегiнде қазанның 1-нен 5-не дейiн Павлодар қаласында үлкен табыспен Ақмола облыстық орыс драма театрының гастрольдерi өттi.
Павлодар көрермендерiнiң жоғары бағаларын келесi спектакльдер алды: «Летучий корабль» (мюзикл) В.Овчинников, «Панночка» (мистикалық драма) Н.Садур, «Алые паруса» (музыкалық феерия) П.Морозов, «Курица» (комедия) Н.Коляда, онда 3 мыңнан астам адам болды.
1359