Қазақша
Русский

ІV ЖЫЛ САЙЫНҒЫ «ГВОЗДЬ СЕЗОНА 2016-2017ЖЖ.» ТЕАТР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Ақмола облыстық орыс драма театрының төрiнде IV жыл сайынғы «Гвоздь сезона 2016-2017жж.» театр сыйлығының жеңiмпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсiмi өттi.

 

 

«Жыл актерi» атағына лайық деп актер Андрей Владимиров танылды.

Жүлделi сыйлықтың демеушiсi Бекмағамбетов Ғалым Мадешұлы — «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары. Сыйлықты табыстаған — Найманбаева Жанара — Мисс Кокшетау 2016ж., Қазақстан вице-миссi 2016ж.

 

«Жыл актрисасы» атағына актриса Надежда Слепцова лайық деп танылды. Жүлделi сыйлықтың демеушiсi «Алтын тау» кәсiподақ ұйымы. Сыйлықты табыстаған — Канафин Фархатдек Аманжолұлы — Шахмет Хусаинов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының қоюшы режиссерi.

 

«Ең үздiк спектакль» жүлдесiне «Золотая маска» ұлттық сыйлығының иегерi, Якутияның еңбек сiңiрген қайраткерi, режиссер Сергей Потапов сахналаған А.Островскийдiң «Беспреданница» спектаклi лайық деп танылды. Жүлделi сыйлықтың демеушiсi Зыкова Ирина Яковлевна «Rabber Technica» ЖШС. Ақмола облысының мәдениет басқармасының бастығы Бурбаева Сәуле Бөкейханқызы жүлделi сыйлықты табыс еттi.

«Ең үздiк балалар спектаклi» номинациясында В.Овчинниковтың «Летучий корабль» қойылымы үздiк деп таңылды. Жүлделi сыйлықтың демеушiсi Мащинская Елена Ивановна «Той дастархан» ЖШС. Сыйлықты «Реверанс» клубы мен би спорттық Федерациясының жетекшiсi Шарипова Эльмира Надировна табыстады.

«Көрермен көзайымы» арнайы сыйлығына лайық деп Тимур Валиев танылды. Жүлделi сыйлықтың демеушiсi облыстық кәсiподақ комитетiнiң төрағасы Тайтукова Гульнара Мусурмановна.

 

«Театр өнерiне қосқан үлесi үшiн» номинациясын актриса Елена Лукьянова иелендi. Жүлделi сыйлықтың демеушiсi — Жантасова Асель Нургазыевна — Ақмола облысының «Жас қанаттар» жастар қанатының iскер әйелдер қауымдастығының өкiлi, эстетикалық медицина орталығының директоры. Сыйлықты табыстаған Ендружиевская Нина Борисовна — «Арлан» хоккей клубының өкiлi.

Театрдың негiзiн қалаушы Яков Аронұлы Куклинскийдiң арнайы сыйлығына лайық деп, театрдың құрылған күнiнен бастап еңбек етiп келе жатқан жарық бойынша сүретшi Наиль Шафигуллин лайық деп танылды.

Жүлде демеушiсi Ақмола облыстық орыс драма театры. Арнайы сыйлықты табыстаған Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бахтыгереев Бейбит Салауатұлы мен бас режиссер Ольга Богдановна Луцива.

03.11.2017
1214