«ТЕАТРАЛЬНАЯ ОСЕНЬ» І АЙМАҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
Ақмола облыстық орыс драма театрының 40 жылдық мерейтойына орайластырылған «Театральная осень» I Аймақаралық фестивалiнiң шеруi жалғасуда.
2017 жылдың 26 қазанында, көрермен қауым мен қазылар алқасының назарына:
О.Жанайдаровтың «Жұт», А.Яблонскаяның «Язычники» драмалары ұсынылды.
Олжас Жанайдаровтың «Жұт» пьессасы Солтүстiк Қазақстан облыстық орыс драма театрының сахналауымен ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақ даласында ашаршылық пен өлiм жалмаған зұлмат кезеңдi баяндайды. Ажал аузынан аман қалған бейбақ Сәуле мен Ахметтiң шаңырағындағы ауыр халiнен елдiң басына түскен нәубеттi толықтай сезiнуге болады. «Жұт» өткен оқиғаларға байланысты баға берудi мақсат етпейдi, оның алға қойған мәселесi мүлде өзге — өз ауыртпалығымен батпандай басып тұрған бiздiң тарих беттерiн көрсетiп еске түсiру. Ұмыту мүмкiн емес…
«Жұт» пьессасы: туған балаларыңның ғұмырынан асып кетсең, тағдырдың тәлкегiне мойынсұнып, естен адаспау мүмкiн бе? Шығарға жол, қолдан келер амал жоқта жәудiреген үмiт көзi бар ма? Қайғы — қасiрет тұңғиығына батып кеткен адам баласы қанша қасiрет кешсе де, өзiн жоғалтпай, адамдық қасиеттерiн сақтап қала ала ма? деген сұрақтардың астына ғана алмай, оған жауабын да бередi. «Көкшетау» мәдениет үйiнiң сахнасында бiржарым сағатқа созылған, тарихтың қатiгез, қайғыға толы беттерiне сүйенiп күнделiктi өмiрдiң тауқыметi мен заманауи ырғағын баяндайтын көрiнiс орын алды.
Ақмола облыстық орыс драма театрының сахнасында А.Яблонскаяның «Язычники» драмасын М.Горький атындағы мемлекеттiк академиялық орыс драма театры көрермен назарына ұсынды.
«Язычники» пьессасында дәлме-дәл деректiгiмен қазiргi заманғы тұрмыс тiршiлiк пен отбасыдағы қарым — қатынас шыжығы айнадай көрсетiлген. Алғаш көзге қарапайым көрiнген отбасылық оқиға, ойда жоқта, өз өмiрiмiзге көз салып терең ойлануға, жан дүниемiздiң дағдарысқа ұшырап сенiм жолын қуған халiмiз жайлы, өмiрлiк маңыздылығы бар «байлықтардың» шынайы құндылығы мен ол байлыққа жетер жолда төлер ақымыз жайлы баяндайтын сүйектен өтер ауыр драмаға айналады.
Байқаудан тыс көрсетiлiм ретiнде Н.Коляданың «Курица» қойылымы сахналанды. Ақмола облыстық орыс драма театрының орындауымен актерлiк шеберлiктi жаңа игерiп келе жатқан шет аймақтағы қала актрисасының iшек қатырар көңiлдi оқиғасын баяндайды. Курица лақап атымен жүрген Нонна есiмдi жас актриса бiр мезгiлде бас режиссердiң де, театрдың бас әкiмшiлiгiнiң де көңiл бөлуiне жол бередi.
Шұбырған айла әдiске толы күлкiлi жай-жапсарлар, қызықты шытырман егжей-тегжейлер, кiшiгiрiм театрдың өмiрiн астан кестең етедi.
Қоюшы режиссер — О. Луцива
Қоюшы суретшi — Н.Менщикова
Музыкалық безендiру — В.Овчинников
1296