«СООТЕЧЕСТВЕННИКИ 2018» ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫНЫҢ XIII ФЕСТИВАЛІ
А.Островскийдiң «Бесприданница» қойылымы үшiн Ақмола облыстық орыс драма театры “ СООТЕЧЕСТВЕННИКИ 2018 “Орыс драма театрларының XIII фестивалiнiң дипломымен марапатталды.
Айта кетсек, 2018 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуiр аралығында Ресей Федерациясы Мордовия Республикасының Саранск қаласында әлемнiң түкпiрiнен жиналған АҚШ, Израиль, Грузия, Шешенстан, Қазақстан, Мордовия және Мәскеу қаласы театрларының үздiк қойылымдары көрермен қауымы мен сыншылардың назары мен сынына ұсынылды.
Караоке — мелодрама жанрындағы «Бесприданница» классикалық пьессасының әдеттен тыс сахналану ерекшелiгi жастардың қызығушылығын оятып, фестиваль көрерменi мен әдiл — қазылар алқасының көңiлiнен шықты.
1189