40-ШЫ ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
2016 жылдың 3 қарашасында Ақмола облыстық орыс драма театры Е.Шварцтың туған күнiнiң 120-жылдығына орайластырылған оның «Дракон» трагифарсының тұсаукесерiмен 40-шы театр маусымын ашты. Қоюшы режиссер — мәдениет саласының үздiгi О.Луцива, қоюшы суретшi — С.Ниязакунов, музыкалық безендiру — В.Овчинников, балетмейстер — Е.Ранн.
Спектакльдiң басталуы алдында театрдың тарихы мен жетiстiктерiмен таныстыру рәсiмi өттi, дипломдар мен жүлделер көрсетiлдi.
Актерлердiң шығармашылығымен рақатқа бөленуге облыстық мәдениет мекемелерiнiң, оқу орындарының жетекшiлерi мен мамандары, БАҚ, студенттер, мектеп оқушылары және т.б. келдi.
Бағдарламаның аяқталу кезеңiнде Ақмола облысының әкiмi Сергей Кулагинмен театр труппасына себетгүл тапсырылды.
943