Қазақша
Русский

40 – ШЫ ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ!

Өзiнiң 40 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақмола облыстық орыс драма театры 4 күнге созылатын «Театральная осень» I Аймақаралық фестивалдiң тұсауын кестi.

Iс — шараның салтанатты бөлiмi 25 қазан күнi, ҚР еңбек сiңiрген өнер қайраткерi, театрдың негiзiн қалаушы Куклинский Яков Аронұлының бейiтiне гүл шоқтарын қою рәсiмiнен басталды. Яков Аронұлының пiкiрлестерi мен әрiптестер ұжымы, оның еңбек жолындағы ұмытылмас сәттерiне ой шолып, ерең еңбегiне деген сый — құрметiн көрсеттi.

Фестиваль өз есiгiн айқара ашып, режиссер Ольга Луцива мен қоюшы суретшiлер Садыр Ниязакунов, Лейла Набиева қойған У.Шекспирдiң «Гамлет» спектаклi тұсаукесерiмен көрермен қауымды құшақ жая қарсы алды. Өзiнiң еңбек жолында Ақмола облыстық орыс драма театры, ұлы классика туындыларына бiрталай жүгiнген болатын. Бұл жолғы кезек, көрермендер мен қазылар алқасының назарына ұсынылған, «Гамлет» трагедиясына бұйырды. Спектакль сценография жағынан инновациялық шешiмдермен, галереяның көздiн жауын алар жарықтық байлығымен және сананы қозғалтып қызықтырар бейнелердiң алуан түрлiгiмен ерекшеленедi.

26.10.2017
338