Қазақша
Русский

«ТЕART-КӨКШЕ» І-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ!!!

30 қазанда Көкшетау қаласында Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен «ТеART-Көкше» I-шi Халықаралық театр фестивалi өз жұмысын бастады. Ақмола облысы әкiмдiгiнiң атынан салтанатты жолдауымен Ақмола облысы мәдениет Басқармасы басшысының орынбасары Г. Бекназарова сөз сөйледi. Қазақстандағы Ресейлiк ғылым және мәдениет орталығының өкiлi Константин Воробьевтiң құттықтауы, театр директоры Бейбiт Бахтыгереевтiң iзгi тiлектерi айтылды.

Фестиваль қожайындары — Ақмола облыстық орыс драма театрының қойылымындағы Р. Отарбаевтың «Бейбарс» спектаклi бiрiншi конкурстық жұмыс болды. Режиссерi — Ольга Луцива.

31.10.2019
1616