ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
2018 жылдың 31 қаңтарында Ақмола облыстық орыс драма театрының қабырғасында Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың жыл сайынғы халқына Жолдауын талқылау мақсатында қызметкерлермен арнайы жиналыс өткiзiлдi. Жиналыста әскери ғылымдар Академиясының вице-президентi, тарих ғылымдарының докторы, доцент, әскери ғылымдар Академиясының толық мүшесi Мухамадеев Тахир Минибулатович баяндамасымен тыңдаушылардың алдында сөз сөйледi. Ол өз кезегiнде Елбасының алға қойған басты 10 мiндеттердi жүзеге асырудың маңыздылығын ерекше атап өттi.
Бiз, Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымы, Президентiмiз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» бастамасын бiр ауыздан қолдаймыз.
Елбасымыздың халқының алдына қойған басты мiндеттерiмен танысып, ортаға салып талқылау, бiз үшiн аса маңызды да өте қызықты болды. Өйткенi Елбасының бағдарламасын таяу арада жүзеге асыру өзiмiзге бұйырмақ.
Кезектi Жолдау — бұл Қазақстан — 2050 ұзақ мерзiмдi стратегиясын iске асырудың алғашқы қадамдары. Әлемнiң дамыған 30 елдiң қатарына кiру осы стратегияның басты мақсаты болып табылады. Бiздiң ойымызша, Елбасымыздың көшбасшылығымен бұл ауқымды серпiлiстi жүзеге асыру мiндеттi түрде қолымыздан келедi.
1346