Қазақша
Русский

БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Ақмола облыстық орыс драма театр қабырғасында жергiлiктi және облыстық БАҚ өкiлдерiнiң қатысуымен баспасөз конференциясы өттi.

Театр жетекшiлерi: директор Бейбит Салауатұлы Бахтыгереев пен бас режиссер Ольга Богдановна Луцива журналисттердi алдағы фестивальдiң бағдарламасымен таныстырып, мерейтойлық iс — шаралардың шымылдығын аша түстi; театр тарихына қысқаша шолу өткiзiп, болашақтағы шығармашылық жоспарлармен бөлiстi; өнер ордасына дүйiм жұртты жинаған фестивальдiң қазылар алқасы мүшелерiмен таныстырды:

Қазылар алқасының төрайымы:

-Сәния Дүйсенханқызы Қабдиева, өнертану ғылымының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткерi, профессор, театр сыншысы, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнерiнiң тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушiсi

Алқа мүшелерi:

-Степанова Анна Анатольевна , өнертану ғылымының кандидаты, театр сыншысы, Мәскеу қаласы Ресей театр өнерi академиясы ГИТИС профессоры

-Игламов Нияз Рауфович, Ресей Федерациясының театр сыншысы, «Золотая маска» ұлттық театр сыйлығының қазылар алқасы мүшесi, Халықаралық және бүкiлресейлiк театр фестивалiнiң сыншылар кеңесiнiң мүшесi.

26.10.2017
1179