Қазақша
Русский

ТЕАТРДЫҢ САПАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Үлкен жетiстiкпен Қостанай қаласында орын алған Ақмола облыстық орыс драма театрының дүбiрлi гастролдерi өттi.

Ақмола облысының Мәдениет басқармасының қолдауымен гастрольдiк шараларды дамыту аясында 2018 жылдың 18-21 сәуiр аралығында

Қостанай орыс драма және қуыршақ театрының сахнасында Ақмола облыстық орыс драма театрының гастролдерi өттi.

Мәденит — адамдарды тоғыстыратын күш, өзара тиiмдi ынтымақтастыққа қызығушылық пен әрiптестердiң жұмысын бiлуге деген ұмтылысты жандандырады. Бiрнеше жылдан астам ұжымдарымыз арасында азара алмасу гастрольдерi өтiп жатыр. Ақмола театры үздiксiз эксперимент үстiнде деп айту артық болмас. Театр жанрындағы көптеген қойылымдар әдеттен тыс шығатын жанрлар. Қостанай орыс драма және қуыршақ театрының сахнасында өнерiн паш еткен труппа өз мүмкiндiктерiн кең ауқымда көрсеттi.

— жас қостанайлықтар В.Светличныйдың «Қанбақ шал» интерактивтi ертегiнi тамашалап қана қоймай, оның бiрден бiр қатысушыларына айналды. Кiшкене шал Қаңбақтың жаулары қаһарлы: ақымақ дәу алыптар мен арам ойлы қызыл түлкi. Ойы терең қазақ халық ертегiсi адами құндылықтарға толы, жақсылық пен жамандықтың мәңгiлiк күресi мен жақсылықтың әрдайым жеңiп, басым болатыны туралы баяндайды;

— бақыт жолында адамның қолынан қандай таңғажайып дүниелер келетiнi туралы көрермендер П.Морозовтың «Алые паруса» қойылымын тамашалағаннан кейiн бiлдi;

— А.Н. Островскийдiң «Беспреданница» караоке-мелодрамасы — классикалық жанрға ерекше көзқарасымен ерекшеленетiн батыл қойылым. Шеттен шыққан арсыздықтын қыспағымен солған қорғансыз махаббаттың, ақталмаған үмiттер мен алдаудың арбауына түскен махаббат хикаясы қостанайлық көрермендердi бей-жай қалдырмады. (қойылым — Астана қаласында (2017ж.) «Ең үздiк сценография» және «Үмiт» номинацияларында ұлттық (этникалық) театрлардың Республикалық фестивалi дипломымен марапатталды.)

— Ұлы драматург У.Шекспирдiң атақты «Гамлет» трагедиясы жаңа сомдауда көрермен қауымының назарына ұсынылып, тиiстi мәртебесiн Көкшетау қаласындағы (2017ж.) «Театральная осень» 1 Аймақаралық фестивалiнде «Шығармашылық iзденiс» пен «Жыл жаңалығы» номинациясын иелену арқылы дәлелдедi және Қазақстан театрлар Ассоциациясының «Сахнагер» Ұлттық театр сыйлығының «Үмiт» номинациясына лайық деп танылды (2018 жыл Алматы қаласы).

Сезiмдерiн жасырмаған әртiстер көрермен залының лық толуына шын жүректен риза болып аудиториямен бiртұтастық сезiмiн бастан кешiрдi. Мұндай серiктестiк ақмолалық әртiстер үшiн ең құнды дүние — тәжiрибе алмасу мүмкiндiгiн, жаңа бейнелер мен жаңа шешiмдердi ашу мүмкiндiгiн, одан әрi өнер көрсетуге шабыттану мүмкiндiгiн иелендi.

Әдебиет бөлiмiнiң меңгерушiсi Е.Тарасова

20.04.2018
1195