48-ШІ ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ. АНШЛАГ, ҚОШЕМЕТ ЖӘНЕ СҮЙІКТІ КӨРЕРМЕНДЕРМЕН КЕЗДЕСУ
9 қазанда біздің театр жазғы демалыстан кейін көрермендерге есігін қайта айқара ашты. 48-ші театр маусымының ашылуы жоғары деңгейде өтті және сол күні келген көрермендеріміздің барлығы театр фойесіндегі күзгі жылулық, жайлылық пен қуаныштың ерекше атмосферасын сезіне алды деген сенімдеміз.
Жаңа маусым режиссер Тимур Кулов қойған А.С. Пушкиннің шығармасы бойынша «Станционный смотритель» спектаклімен ашылды. Спектакль халық назарына өткен мауысымда жол тартып, әрбір көрерменнің жүрегінен орын тауып үлгерді. Бұл жолы да спектакль лық толы зал жинады!
Маусымның ашылуына театрсүйер қауымнан бөлек, құрметті қонақтар да келді. Шақырылғандардың қатарында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы болды. Ол біздің ұжымды жаңа маусымның сәтті басталуымен құттықтап, театрдың халықаралық фестивальдардағы соңғы жетістіктерін атап өтіп, одан әрі шығармашылық табыс тіледі. Театр директоры Бейбіт Салауатұлы Бахтыгереев те жылы лебізін білдірді. Ол барлық қызметкерлерге қажырлы еңбегі мен адалдығы үшін алғыс білдірді.
Жазғы демалыстан кейін біз мол күш-қуатпен жаңа қойылымдар мен шығармашылық эксперименттерге дайынбыз. Алда жаңа спектакльдер, гастрольдер және халықаралық фестивальдер!
1079