Қазақша
Русский

«ТеART-Көкше» фестивалiнiң жабылуы туралы

Көкшетауда 3 қарашада «ТеART-Көкше» 1-шi Халықаралық фестивалi өз жұмысын аяқтады.

Фестиваль «Рухани Жаңғыру» мемлекеттiк бағдарламасы, «Ұлы Даланың жетi қыры» жобасы аясында Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен және Қазақстандағы Ресейлiк Ғылым және мәдениет орталығының қатысуымен өттi. Оның бастамашысы Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Б. Бахтыгереев болды.

Бес күндiк фестиваль қорытындысы бойынша қазылар алқасы 4 номинация бердi:

-Бас жүлде иегерi Н. Гогольдiң пьесасы бойынша «Ревизор» спектаклi, Семей орыс драма театры.ҚАЗАҚСТАН;

-«Үздiк актерлiк ансамбль» — А.Островский «Гроза» спектаклi. Рязань мемлекеттiк облыстық ЖКТ. РЕСЕЙ;

-«Үздiк әйел рөлi» — актриса Элина Манапова А.Герни «Письма любви» спектаклiндегi Мелисса Гарднер рөлi үшiн, А. Островский атындағы Кинешем драма театры. РЕСЕЙ;

-«Үздiк ер рөлi» -Тимур Валиев Н. Гогольдiң «Чичиков» спектаклiндегi Плюшкин рөлiн орындаумен көрермендердi және қазылар алқасы мүшелерiн тәнтi еттi. Ақмола облыстық орыс драма театры Көкшетау қаласы.ҚАЗАҚСТАН

Фестиваль соңында фестиваль қонақтарының «Наз» Мемлекеттiк би театры орындауындағы Қ. Ағымбаевтың «Шыңғысхан» хореографиялық қойылымы өттi, Нұр-Сұлтан қаласы.

«ТеART-Көкше» фестивалiнiң жабылу рәсiмiне облыс әкiмiнiң орынбасары А. Мусралимова, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары қатысып, қазылар алқасының мүшелерiне ( С. Қабдиева, Н. Мазур, Ж. Еркiн, Н. Игламов, Л. Чхартишвили) және актерлiк шеберлiк бойынша педагогтарға В. Терещенко мен Н. Амелина (Мәскеу) алғыс хаттар мен естелiк сыйлықтар табыс еттi.

Фестиваль директоры Б. Бахтыгереев барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға, демеушiлерге және көрермендерге алғысын бiлдiрдi.

Фестиваль барлығына көптеген жағымды кездесулер, жаңа сахналық ашылулар әкелдi, ал көрермендерге — заманауи театр өнерiнiң үздiк үлгiлерiмен танысудан қуаныш сыйлады.

11.11.2019
1311