АООДТ және «Глобус»: шығармашылық ынтымақтастықтың жалғасы
Ақмола облыстық орыс драма театры мен Новосибирск академиялық жастар театрын театр өнеріне деген ортақ сүйіспеншілік, шығармашылық диалогқа, тәжірибе алмасуға және бірлескен тың идеяларға деген ұмтылыс тоғыстырады.
Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою театрларымыздың шығармашылық байланысын нығайтып, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға кең жол ашты.
Бүгін осы достық пен әріптестік өз жалғасын табуда: біз Новосибирск академиялық жастар театрындағы әріптестерімізді шын жүректен қарсы аламыз! Новосибирскілік әртістердің келуі – олардың қолтаңбасымен жақынырақ танысуға, тәжірибе бөлісіп, болашақта бірлескен жобаларға арқау болатын идеяларды талқылауға тамаша мүмкіндік.
Бұл гастрольдік сапар театрларымыздың достық шежіресіндегі жарқын параққа айналып, әртістер мен көрермендерге ұмытылмас әсер сыйласын, ал АООДТ мен «Глобус» серіктестігіне жаңа мүмкіндіктер ашсын!

5


