Қазақша
Русский

ҚЫМБАТТЫ КӨРЕРМЕНДЕР!!! 44 — ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ БӘРIМIЗГЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Ақмола облыстық орыс драма театры Н.Думбадзе «Учитесь жить, смеясь!» (комедия) спектаклiмен «ерекше жағдайда» қауiпсiз әлеуметтiк қашықтықты сақтай отырып, өзiнiң 44 — театр маусымын ашты.

Онлайн режимде, 10 қыркүйек күнi қазақтың ұлы ақыны, композитор, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Қара сөздер» атты поэтикалық онлайн марафонының қорытындысы бойынша театр ауласында жеңiмпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды:

1. 1 дәрежелi Диплом — Қостанай облыстық қазақ драма театрының ұжымына И. Омарова

2. 2 дәрежелi Диплом — Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсоводы Антипова Вероника Андреевна

3. 3 дәрежелi Диплом — Бұланды аудандық мәдениет үйiнiң директоры Кенжеғалиев Әлiшер Жәнiбекұлына

Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Б.С. Бахтыгереев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға өткен жылдың жарқын шығармашылық жетiстiктерiн еске салып, жаңа актерлердi таныстырды.

15.09.2020
2704