Қазақша
Русский

Театрымыздың қоржыны тағы бір марапатпен толықты!

Көрнекті театр танушы, профессор Бағыбек Құндақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXXI Республикалдық фестивалінде Мұхтар Әуезовтің шығармасы бойынша Тимур Кулов сахналаған «Баллада о перевале Караш» музыкалық драмасы «Үздік музыкалық шешімі үшін» номинациясымен марапатталды.

Батырхан Сабыр жазған қойылымның музыкалық сүйемелдеуі ерекше орын алып, бүкіл спектакльді шарпып, оның драматургиясын ашудың басты құралдарының біріне айналды.

Ұжымды марапатпен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

27.10.2026
4