Қазақша
Русский

Х Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы

12-14 қыркүйек аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында X Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтіп жатыр. Әр түрлі елдерден делегациялар келді — барлығы 2000-ға жуық қонақ, оның ішінде сарапшылар мен мәдениет қайраткерлері. Форумның басты тақырыптарының бірі — жасанды интеллект және оның қазіргі заманғы өнер мен дәстүрлі медиаға әсері.
 
Біздің театрымыздың директоры, «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» Бейбіт Салауатұлы да форумға арнайы шақырылып, заманауи технологиялар дәуірінде өнер мен мәдениетті дамытудың негізгі мәселелерін талқылауға белсенді қатысуда.
14.09.2024
395