АТА ЗАҢ КҮНІНЕ ОРАЙ
Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған мерекелiк медальдар мен мерейтойлық белгiлер табыс етiлдi. ҚР конституциялық негiздерiнiң қалыптасуы мен дамуына елеулi үлес қосқан азаматтарды көтермелеу мақсатында Мемлекет басшысының атынан түрлi наградалар табыс етiлдi.
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелiк медалiмен Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бахтыгереев Бейбiт Салауатұлы марапатталды.
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық белгiсiмен Ақмола облыстық орыс драма театры директорының орынбасары Марина Геннадьевна Друцкая марапатталды.
Мемлекеттiк наградамен шын жүректен құттықтай отырып, Қазақстан Республикасының игiлiгiне еңбек етуде, Сiздерге зор денсаулық, белгiленген жоспарларды iске асыру, одан әрi табыстар мен жаңа кәсiби жетiстiктер тiлеймiз.
1832