"Кто сказал "Мяу?" - "Құралай" халықаралық фестивалінің лауреаты
"Кто сказал "Мяу?" қуыршақ ертегісі (авторы – В.Сутеев, режиссері – А.Плохой), Ақмола облыстық орыс драма театрының Kinder театры ұсынған, Астанада 2025 жылғы 30 маусым мен 4 шілде аралығында өткен IV халықаралық "Құралай" қуыршақ театрлары фестивалінің лауреаты атанды.
Биылғы жылы фестиваль Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, профессор, режиссер және педагог, өз өмірін қуыршақ театрын дамытуға және жас мамандарды даярлауға арнаған Құралай Ешмұратованың 80 жылдық мерейтойына орайластырылды.
"Құралай" фестивалі жыл сайын әр түрлі елдер мен аймақтардан қуыршақ театрларын жинап, қатысушыларға өздерінің үздік қойылымдарын ұсынуға және кәсіби тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік береді. 2025 жылы конкурстық бағдарламаға Қазақстан, Англия, Австрия, Қытай, Түркия, Грузия, Испания, Таиланд және Өзбекстан ұжымдары қатысты.
"Кто сказал "Мяу?" кәсіби қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, "Балаларға арналған үздік спектакль" номинациясында жеңіске жетті. Бұл театр үшін маңызды жетістік және Ақмола облыстық орыс драма театры жанындағы Kinder театры аясында дамып келе жатқан қуыршақ бағытының жоғары деңгейін растау болды.
16