Қазақша
Русский

2019 ЖЫЛДЫҢ 29 ҚАРАШАСЫНДА САМАРҚАНД ҚАЛАСЫНДА А. П. ЧЕХОВ АТЫНДАҒЫ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ САХНАСЫНДА Р. ОТАРБАЕВТЫҢ «БЕЙБАРЫС» СПЕКТАКЛІ КӨРСЕТІЛДІ

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен «Өзбекстандағы Қазақстанның Мәдениет күндерi» аясында Ақмола облыстық орыс драма театрының Самарқанд қаласында гастрольдерi өттi. 2019 жылдың 29 қарашасында Самарқанд қаласында А. П. Чехов атындағы орыс драма театрының сахнасында Р. Отарбаевтың «Бейбарыс» спектаклi көрсетiлдi.

Қазақстан мен Өзбекстанды бiртұтас тiл, дiн, ортақ мәдениет байланыстырады. Мәдени-гуманитарлық бағыт бiздiң қарым-қатынасымызда ерекше орын алады. Бiздiң ортақ парызымыз — ата-бабаларымыз өсиет еткен қазақ және өзбек халықтарының достығы мен бiрлiгiн сақтау, бiздiң театрлар арасындағы екiжақты ұзақ мерзiмдi байланыстарды одан әрi дамыту және нығайту.

04.12.2019
1344