Қазақша
Русский

«Баллада о перевале Караш» спектаклінің көрсетілімі

Кеше Ақмола облыстық орыс драма театрының сахнасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған іс-шаралар бағдарламасына енген «Баллада о перевале Караш» спектаклі көрсетілді.

Қойылымның негізі адами қадір — қасиет, ар-намыс және адамдар арасындағы қарым — қатынас тақырыптарын көтеретін қазақ әдебиетінің маңызды туындыларының бірі – Мұхтар Әуезовтің «Выстрел на перевале» повесі болды.

Спектакльге көрермендермен бірге қатысқан Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы кештің құрметті қонағы болды.

Ұлттық әдебиет туындыларын таңдай отырып, театр Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасымен жанды диалогты сақтайды, қазіргі заманғы көрерменге классикалық туындыларды ашып, бүгінгі күні де өзекті болып қалатын тақырыптарға жаңа көзқараспен қарауды ұсынады.

03.07.2026
11