Қазақша
Русский

"История одного шоу..." спектаклінің премьерасы

Құрметті көрермендер, 26 және 27 маусымда Сіздерді "История одного шоу..." спектаклінің премьерасына шақырамыз.

Қойылымда белгілі ресейлік қоюшы режиссер, А.А. Брянцев атындағы ЖКТ (Санкт-Петербург қ.) бас режиссері, "Золотая маска" сыйлығының лауреаты, әйгілі музыкалық қойылымдар либреттосының авторы – Сусанна Цирюк жұмыс істеуде.

Спектакль кенеттен жұмыссыз қалған және өмірде әдеттегі тірегі жоқ алты ер адамның оқиғасын баяндайды. Осы жағдайдан шығу жолын іздеп, олар жақында өздеріне мүлдем мүмкін емес болып көрінген қадамға – өз шоуларын құруға және көрермендердің алдына шығуға бел буады. Осылайша достық, сатқындық, үміт және өзіне қайта сенуге тырысу туралы оқиға басталады.

Спектакльдің негізі – әйгілі бродвей бестселлерлері. Сіздерді жарқын кейіпкерлер, нәзік әзіл, шынайы уайым,  күтпеген сюжеттік бұрылыстар және ең қиын сәттерде де өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпау қаншалықты маңызды екендігі туралы оқиға күтеді.

26 маусым сағат 19.00-де

27 маусым сағат 18.00-де

Сіздерді премьерада көруге қуаныштымыз!

 

15.06.2026
6