Қазақша
Русский

Жақында сахнада: 48 маусымға театр не дайындап жатыр?

Ақмола облыстық орыс драма театры жаңа, 48-ші театр маусымының ашылуына үлкен қуанышпен және зор шабытпен дайындалу үстінде! Сахна артында жұмыс қызу жүріп жатыр: күндіз-түні дайындықтар, декорациялар жасалынып, кішкентай детальдардың өзі де егжей-тегжейлер ойластырылуда, өйткені көрермендерді жаңа қойылымдар мен сүйікті актерлермен кездесулер күтіп тұр.

Осы маусымда театр палитрасы жаңа қойылымдармен де, жаңа тыныстағы таныс оқиғалармен де безендіріледі. Қырғызстаннан келген режиссер Шамиль Дыйканбаев дайындап жатқан О.Богаевтың «Пошта-почта» қойылымына ерекше назар аударған жөн. Уақыт пен өмір туралы ойларға толы бұл шығарма маусымның маңызды оқиғасы болуға уәде береді. Ал біздің жас көрермендер үшін театрдың бас режиссері Ольга Луцива Е.Шварцтың ерекше шығармасы  «Сказка о потерянном времени» ертегісін қолағ алды. Ертегі балалар мен олардың ата-аналарына музыкалық нөмірлер мен жарқын кейіпкерлерге толы сиқырлы атмосфера сыйлайды.

Сіздерді жаңа маусымда жаңа спектакльдер, күтпеген режиссерлік шешімдер және жылы театрлық атмосфера күтеді! Жаңалықтардан қапы қалмаңыздар!

15.08.2024
1115