Қазақша
Русский

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында дәріс өткізілді

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы Ақмола облыстық орыс драма театрының қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріс барысында театр қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» негізгі ережелері туралы ақпарат жеткізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті белгілеу түсіндірілді, мәдениет саласы қызметкерлерінің ұжымы арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің мәні ашылды.

24.12.2025
35