48-театр маусымының Премьералар Шеруі "Отец солдата" спектаклімен ашылды
Ақмола облыстық орыс драма театрында 26-29 маусым аралығында 48-ші театр маусымының жабылуына орайластырылған Премьералар Шеруі өтеді.
26 маусым сағат 15:00-де "Отец солдата" (реж. Ольга Луцива) - ұлын іздеп соғысты өткерген әкенің оқиғасы. Қойылым мәңгілік адами құндылықтар тақырыбын көтереді, олар шайқастартың ортасында болса да өзектілігін сақтайды. Спектакльді көрермендер шын жүрекпен, ықыласпен, ризашылықпен жылы қабылдады.
Спектакльдерді кәсіби қазылар алқасы қарайды және бағалайды, олардың пікірі театр маусымын қорытындылаудың маңызды бөлігі болады.
Биыл қазылар алқасының құрамында төмендегі тұлғалар:
Қабдиева Сания Дүйсенханқызы - театртанушы, өнертану кандидаты, Халықаралық театр сыншылары қауымдастығының қазақстандық секциясының төрағасы, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Театр өнері тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері;
Сагитова Айсұлу Сынтемірқызы - театртанушы, театр сыншысы, өнертану кандидаты, доцент, Загир Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институтының тарих және өнер теориясы кафедрасының меңгерушісі, Мажит Гафур атындағы Башқұрт академиялық драма театрының тарихшысы, "Туганлык – 2019" Халықаралық Түркі тілдес театрлар фестивалінің бағдарламалық директоры.
Бақтыгереев Бейбіт Салауатұлы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Мәдениет үздігі, театртанушы, шетелдегі халықаралық орыс театрлары қауымдастығының басқарма төрағасы, "ТеART-Көкше" халықаралық театр фестивалі мен зертханасының директоры, Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры.
18