«Станционный смотритель» Ульяновскіден марапатпен оралды
Ульяновск қаласында барша отбасына арналған «ВМЕСТЕ» III Халықаралық театр фестивалі аяқталды.
Ақмола облыстық орыс драма театры фестивальде А.С. Пушкиннің повесі бойынша Тимур Кулов сахналаған «Станционный смотритель» спектаклін ұсынды.
Фестивальге қатысу театрымыз үшін көрермендермен жүздесуге, әріптестердің жұмыстарын тамашалауға, театр ұжымдарымен пікір алысып, бірнеше күнді кәсіби қарым-қатынас атмосферасында өткізуге тағы бір мүмкіндік сыйлады.
Фестивальдің ерекше қуанышты нәтижесі театрымыздың марапаты болды: ротмистр Минскийдің рөлін сомдаған Тимур Валиев «Үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша лауреат атанды.
Жаңа марапат «Станционный смотритель» спектаклінің фестивальдік тарихының тағы бір маңызды парағына айналып, қойылымның жетістіктер тізімін толықтырды. Спектакль көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, кәсіби қоғамдастықтың назарын өзіне аударуды жалғастыруда.
Тимур Валиевті лайықты марапатымен құттықтаймыз!
Фестиваль ұйымдастырушыларына шақыруы, қонақжайлылығы және спектакльді Ульяновск көрермендеріне ұсынуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз.
6








