Театрлық диалог жалғасуда: «Глобус» Новосибирск академиялық жастар театры Көкшетауда Чеховтың «Чайка» спектаклін ұсынды
Кеше кешке біздің театр сахнасында Новосибирскіден келген қонақтардың – «Глобус» академиялық жастар театрының орындауында «Чайка» спектаклі көрсетілді!
Антон Чеховтың Ирина Камынина сахналаған әйгілі пьесасы «адамдар комедиясы» ретінде ұсынылады – бұл махаббат пен қызғаныш, шығармашылық амбициялар, үміт пен өкініш туралы оқиға. Бақыт іздеген, дауыстарын жеткізгісі келетін және өмірден өз орнын табуға ұмтылатын адамдар туралы. Бұл оқиғадан кез келген жанға жақын сезімдер мен күйзелістерді оңай тануға болады.
Әріптестерімізбен қайта жүздескенімізге және көрермендерімізді олардың шығармашылығымен таныстыру мүмкіндігіне қуаныштымыз. Мұндай гастрольдер – өзгеше театрлық пайыммен жүздесу ғана емес, сонымен бірге ұжымдарымыз арасындағы шығармашылық диалогтың жалғасы.
«Глобус» театрының әртістері мен бүкіл ұжымына тамаша қойылым және көрерменге ұмытылмас әсер сыйлағаны үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз!
Қойылымға ықылас танытып, осы театр кешін бізбен бірге өткізген өнерсүйер қауымға алғысымыз шексіз!
Бүгін кешке «Глобус» Новосибирск академиялық жастар театрының әртістері біздің театр сахнасында «Чайка» спектаклін қайта ұсынады. Театрда кездескенше!
8








































