Қазақша
Русский

«Чайкамен» өрбіген үш кеш: «Глобус» Новосибирск академиялық жастар театрының Қазақстандағы гастролі

29, 30 қазан және 1 қараша күндері «Глобус» Новосибирск академиялық жастар театры қазақстандық көрермендерге Антон Чеховтың пьесасы бойынша Ирина Камынина сахналаған «Чайка» спектаклін ұсынды. Гастрольдік қойылымдар Көкшетау және Астана қалаларында өтті.

Әйгілі чеховтық пьеса «адамдар комедиясы» ретінде көрінеді – махаббат пен қызғаныш, шығармашылық амбициялар, үміттер мен көңіл қалулар туралы тарих. Адам тағдырларының сыртқы қарапайымдылығы артында сезімдерге, күмән-күйзелістерге және ұмтылыстарға толы тұтас әлем ашылады. Чехов кейіпкерлері бақыт іздейді, дауыстарын жеткізгісі келеді, өздерін және айналасындағыларды түсінуге ұмтылады. Бұл оқиғалардан өзіңді де, қасыңда жүрген жандарды да оңай тануға болады.

Әрбір гастрольдік жүздесу – бұл өзге театрдың спектаклін көріп қана қоймай, оның шығармашылық әлеміне бойлау, көркемдік тілінің ерекшелігін сезіну, таныс шығарманың жаңа қырларын ашу мүмкіндігі. «Глобус» театрының гастрольдік қойылымдары қазақстандық жұртшылықтың Новосибирск ұжымы шығармашылығымен таныстығын әрі қарай жалғастырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы кәсіби өзара іс-қимыл мен мәдени диалогтың кезекті парағына айналды.

«Глобус» Новосибирск академиялық жастар театрының ұжымына шығармашылық кездесу, тамаша қойылым және әртістердің өз өнерлерімен жомарттықпен бөліскені үшін алғыс айтамыз. Көкшетау мен Астана көрермендеріне спектакльге деген қызығушылығы, ыстық ықыласы мен қонақтарға көрсеткен қошеметі үшін шексіз ризамыз.

Театр бағдарлары бізді қайтадан бір — бірімізге жолықтырып, бұл шығармашылық ынтымақтастық жаңа кездесулер мен ортақ оқиғаларға ұласа бергей!

02.11.2026
7