«Taza Qazaqstan» акциясына қатысу
«Taza Qazaqstan» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақмола облыстық орыс драма театрында «Таза бейсенбілік» өткізілді. Театр ұжымы қоршаған ортаны таза ұстауға және абаттандыруға бағытталған бастамаға қолдау білдірді.
Театр қызметкерлері іргелес аумақты тазалауға шығып, оны ретке келтірді. Мұндай іс-шаралар тек ортақ іске қосқан үлес қана емес, сонымен бірге бірігуге, өзіміз жұмыс істейтін кеңістік пен тұратын қала үшін жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді.
Акцияға қатысу – бұл қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырудың тағы бір қадамы және тазалық әрқайсымыздан басталатынын еске салады.
8








