Қазақша
Русский

XXIV Халықаралық Волков фестивалі

22 қыркүйек Ярославль қ. Ф.Волков атындағы бірінші орыс театрының сахнасында XXIV Халықаралық Волков фестивалі аясында біз А.С. Пушкиннің «Станционный смотритель» қойылымын көрермендер назарына ұсындық. Спектакльді қойған дарынды режиссер Тимур Кулов. 
 
Спектакль аяқталғаннан кейін қошемет ұзақ уақыт басылмады. Көпшіліктің шынайы эмоциялары мен қуанышы біздің еңбегіміздің зор нәтижесі екені анық. Театр сыншылары да қойылымағы ерекше режиссерлік интерпретация мен  актерлік шеберлікке баса назар аудара отырып, атап өтті. Бұл Пушкин шығармасының барлық драмасы мен тереңдігін жеткізе алғанымыздың дәлелі.
 
Біздің спектакль осы үлкен оқиғаның бір бөлігіне айналғандығын және көрермендердің де, кәсіби қоғамдастықтың да жылы қабылдағанын мақтан тұтамыз!
24.09.2024
858